Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) халықаралық қызметі және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша консультациялар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстаннан аталған іс-шараға Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев қатысты. Делегация басшылары өңірлік қауіпсіздікті нығайту және ағымдағы халықаралық жағдайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси үйлестіруін тереңдету, сондай-ақ Ұйым шеңберінде биік және жоғары деңгейлерде алдағы кездесулерді дайындау мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты.
Тараптар 2024 жылғы 4 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыруға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ШЫҰ қызметін жетілдіру, Ұйымның қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жасау әлеуетін ашу, сондай-ақ ШЫҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі нақты шаралар талқыланды.
Ә.Бақаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының көпсалалы өңірлік диалогты күшейту жөніндегі рөлі мен мүмкіндіктерінің артып келе жатқанын атап өтті. Ол ШЫҰ Астана саммитінде қол жеткізілген мемлекет басшыларының уағдаластықтарын тез және толық іске асыру үшін бірлескен күш-жігерді жандандырудың маңыздылығына назар аударып, қазақ тарапының Ұйымды реформалаудың түрлі аспектілері бойынша тығыз өзара іс-қимылға дайындығын білдірді.
Сонымен қатар сапар аясында Ә. Бақаев Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденкомен екіжақты кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және нығайту мәселелерін, сондай-ақ көпжақты форматта, атап айтқанда ШЫҰ және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) желісі бойынша бірлескен жұмысты талқылады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары