Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанның төрағалығы аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымында Экология жылы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, былтыр шілде айында мүше мемлекеттер Қазақстанның 2024 жылды ұйымдағы Экология жылы деп жариялау бастамасын бірауыздан қолдады. 2023 жылдың қазан айында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Үкімет басшылары кеңесінде әзірленген Іс-шаралар жоспары бекітілді.
Атап айтқанда, ұйымдағы Экология жылы Қазақстанның ұсынысымен оқу орындарында тақырыптық іс-шаралармен, сондай-ақ Ұйым Хатшылығы өткізетін жекелеген іс-шаралардан басталады.
Жоба аясында экологиялық ұйымдар Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне, Дүниежүзілік су күніне, Халықаралық биологиялық әртүрлілік күніне және Дүниежүзілік орман күніне арналған іс-шараларды қоса алғанда, әртүрлі тақырыптарға арналған 20-ға жуық бірлескен іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр, - делінген мәліметте.
Біз Қазақстанның төрағалығымен басталған іс-шараларды ұйымның БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі елеулі үлесі деп санаймыз. Қазақстан қоршаған ортаны қорғау ісінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының практикалық шараларын қабылдауды одан әрі ілгерілететін болады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?