Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Дәрігерлер Семейде шырша орнатуға көмектесіп, жарақат алған мұғалімнің денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы қазір тұрақты. Ол ауруханаға 21 желтоқсан сағат 10:30 шамасында жеткізілген. Науқасты ертең жалпы бейінді бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда.
Ауруханаға түскенде есін біліп жатты. Оң жақтағы париетотемпоральды аймақтың субдуральды гематомасы диагнозы қойылды. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы тұрақты ауыр, есін біледі. Неврологиялық тапшылық жоқ. Гемодинамика тұрақты, - делінген дәрігерлер мәліметінде.
Еске салайық, Семей қаласында орталық алаңда шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев биіктен құлап, ауыр жарақат алды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогты жұмысқа тартуды заң бұзушылық деп атады.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді