6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБелгілі тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлынан Qasqa Jol YouTube арнасына сұхбат беріп, ел тарихы туралы біраз ойын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Көпшілікті қызықтырған «Шыңғысхан қай жерде жерленген?» деген сауалға былай деп жауап берді:
Шыңғыс ханды қазақ жерінде тудырған, қазақ жерінде жерлеген хикая, әфсаналардың бәрі өтірік. Біздің халықты осындаймен әдейі басын ауыртып қойған. Бізде зиялы қауымды, тарихшыларды осындай бір тартысқа әдейі салып қоятын секілді. Осыны май ішектей айналдыра беріңдер деп. Шыңғысхан Моңғолия жерінде жерленген. Сонымен қатар оның жатқан жерінен қазына табамыз деген де өтірік нәрсе. Ол қарапайым ғана жерленген. Өзінің сүйегі өз жерінде қалған. 1227 жылы қайтыс болғанда етін сылып тастап, сүйегін апарып жерлеген, - деді ол.
Ол «Шыңғысхан – қазақ» дегендермен келіспейтінін және ондайларды «әуесқой тарихшылар» деп атады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі