Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚарағанды облысына жұмыс сапары барысында төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар департаментінің аудандық бөлімшелеріне жаңа өрт техникасының кілттерін табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, салтанатты рәсім Қарағанды қаласының орталық алаңында облыс әкімі Ермаханбет Бөлекпаевтың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлерінің қатысуымен өтті.
Материалдық-техникалық базаны нығайту және төтенше жағдайларға дайындықты арттыру басымдықтар болып қала береді. Біз қызметті дәйекті түрде жаңғыртып, құтқарушылар үшін жағдайды жақсартып жатырмыз. Менің міндетім — әрбір техника мен әрбір бөлімшенің кез келген төтенше жағдайларға дайын болуы. Егер бұл техника адам өмірін құтқарып қалуға ықпал етсе, бұл жұмысымыздың нәтижесі. Бір ғана нәрсені сұраймын, техниканы ұқыпты ұстаңыздар, - деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.
Былтыр республикалық бюджет есебінен азаматтық қорғау бөлімшелерінің техника паркі айтарлықтай жаңартылды. Бұл төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігі мен тиімділігін арттырады, сондай-ақ жеке құрамның жұмыс жағдайларын жақсартады.
Министрлік елміздегі бөлімшелерді техникалық қайта жарақтандыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары