Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкентте Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасымен қалалық Полиция департаментінде белсенді азаматтар марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада мегаполис полицейлері қоғамда «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында құқық қорғау органдарына үнемі қолдау көрсетіп жүретін ақсақалдар кеңесінің мүшелеріне, тұғын үй төрағаларына және басқа да азаматтарға алғысын білдірді.
Қаланың бас полицейі Нұрлан Алмасбеков қауіпсіздік саласындағы жағдайды жақсартуға қосқан баға жетпес үлесі үшін белсенді шымкенттіктерге ризашылығын жеткізді. Полиция полковнигі тұрғындардың азаматтық жауапкершілігі мен тәртіпке ұмтылуының арқасында аталған бағыттағы жұмыстың тиімділігі артуда екенін атап өтті. Оларға ІІМ-нің Алғыс хаттары мен сыйлықтар табыс етілді.
Кездесу соңында Нұрлан Алмасбеков құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті және нәтижелі жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдіре отырып, барлығын құқық бұзушылықтарға деген «нөлдік төзімділікке» шақырды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары