Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары39 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны Гүлбану Пірімқұлова он баланың анасы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Келіншектің 6 қараша күні толғағы ұстап, қалалық перзентханаға жеткізілген. Тоғыз баланың анасы оныншы сәбиін табиғи жолмен босанған. Перзентхананың медициналық қызметкерлері тарапынан қажет көмек көрсетілді. Ана мен баланың жағдайы жақсы.
Көпбалалы келіншек 19 жасында тұрмысқа шыққан екен. 10 баланы 20 жылда өмірге әкелген. Көпбалалы отбасы қазір Жанел, Әнел, Мэлс, Айсана, Нурислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере мен Аяулым есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп отыр.
Гүлбану Пірімқұлованың күйеуі Болат 43 жаста. Көпбалалы ата-ананың үлкен балалары қазір студент атанып үлгерген.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар