Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Түркістан облысының полицейлері шымкенттік тұрғыннан 10 шақты Қызыл кітапқа енген құс тәркіледі. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан облысының полицейлері тінту кезінде күдіктіден Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген құстардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген 10 түрін тапқан. Ер адамнан балобандар мен қарабауыр бұлдырық құстары тәркіленді. Күдікті құстарды жеңіл көлікпен тасымалдаған. Жағдайды одан әрі анықтау үшін ұсталған адам полиция бөліміне жеткізілді, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жабайы құстар Шымкенттің мемлекеттік хайуанаттар бағына берілді. Полицейлер азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға және жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға шақырады.
Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай