Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыАбу-Даби қаласында джиу-джитсудан өтіп жатқан Азия чемпионатында шымкенттік мектеп мұғалімі чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыста қаладағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұлдызай Ибраева сәтті өнер көрсетіп, алтын алқа иеленді. Алғашқы белдесуде Вьетнам спортшысымен кездесіп, жартылай ширек финалда үндістандықты ойсырата жеңген шымкенттік мұғалім финалдық кездесуде Маңғолия спортшысын ұтып, жеңіске жетті.
Таеквондодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері Жұлдызай Махмуджанқызы ел намысын талай додада абыроймен қорғап жүр.
Ересектер мен жастар арасындағы сайысқа Қазақстан ұлттық құрамасынан 300, оның ішінде Шымкенттен 10 спортшы қатысуда. Жеңімпаз Греция астанасы Афинада өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ Азия чемпионатында алтын алған спортшылар жыл соңына жоспарланған Анталия қаласындағы Панкратион спортынан әлем чемпионатында да өнер көресететін болады.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды