Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсШымкенттік дәрігерлер ауруханаға клиникалық өліммен жеткізілген адамды тірілтіп алды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Шымкент қалалық №2 ауруханасына жедел жәрдеммен 52 жастағы қала тұрғыны аса ауыр халде жеткізілді. Науқас жолда клиникалық өлімді бастап кешкен. Қиындықтарға қарамастан, дәрігерлер оған дер кезінде алғашқы көмек көрсетті. Нәтижесінде жүрегі тоқтап қалған тұрғынның күретамыры қайта соққан.
«Тұрғын ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы өте ауыр болды. Клиникалық өліммен жеткізілді. ИВЛ аппаратын қостық. Қазіргі жағдайы тұрақты, науқас өздігінен демалып жатыр. Пациент үшінші күні жансақтау бөлімінен кардиология бөлімшесіне ауыстырылды», - дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Шераліұлы.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды