Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкентте қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антенаталды кезеңнен бақылауда болған балаға толық тексеруден кейін күрделі отаға дайындық жүргізілген. Сәбиде бүйректің зәр шығару жолдары айтарлықтай тарылып, сол бүйректің қызметі нашарлағаны анықталған.
Балаға жоспарлы түрде сол жақты люмботомия және несепағар- түбекше сегментінің резекциясы, Хайнц-Андерсон бойынша зәр жолдары пластикасы жасалды. Ота сәтті өтті, сәби үйіне қанағаттанарлық жағдайда шығарылды,-деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Айта кетсек, бұған дейін балалар мұндай оталарға Астана, Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарға жолданатын. Бір жылдан бері қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері урологиялық оталарды сәтті жасап, балаларға сапалы медициналық көмек көрсетуде. Ауруханада бүгінге дейін урологиялық 60-қа жуық операция жасалған.
Мамандардың айтуынша, қазір балалар арасында жоғарғы зәр жолдарының тума ақауы жиі кездеседі. Ерте жаста қалыпқа келтіру шаралары баланың бүйрегін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары