23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шымкент қаласының прокуратурасының талап арызы бойынша Шымкент қаласындағы спорт сарайы (қазіргі Мұзсарайы) мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2017 жылы Шымкент қаласының «Спорт сарайы» ЖШС-нің 67,09% үлесі жекешелендіріліп, құны 1 млрд теңгеге, яғни нарықтық құнынан 8 есе аз сомаға сатылғаны анықталды.
Сонымен қатар Спорт сарайын сатып алған ұйым жекешелендіру рәсіміне заңсыз жіберілген және жарғылық құжаттарға сәйкес спорт саласындағы қызметтермен айналысуға құқығы жоқ болғандықтан, аукционға қатысушы ретінде тіркелуге жатпайды. Спорт сарайы оңтүстік өңірлерде қысқы спорт түрлерін дайындайтын жалғыз орын болып саналады, - делінген мәліметте.
Прокуратура объектіні жекешелендіру кезінде мемлекет мүлкін қоғам игілігіне тиімді пайдалану қағидасына сәйкес басқаруды міндеттейтін «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының нормалары бұзылғанын алға тартты.
Сондай-ақ 5 жыл ішінде мемлекет спорт сарайының үй-жайларын жалға алуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 27 мамырдағы шешімімен жекешелендіру нәтижелері жойылды, - деп қосты прокуратура.
Қазіргі уақытта шешім заңды күшіне енді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік