Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкенттегі қарттар үйінде екі қария отау құрды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қариялардың бірі Рахымқұл Смадияровтың қарттар үйіне орналасқанына бір жылдан асқан. Оның айтуынша, мұнда келгелі денсаулығы біршама жақсарған. Осында екінші жартысын тауып, отау құрыпты.
Басшымызға, қызметкерлерге, медбикелерге, аспаздарға алғыс айтамын. Барлық жағдайымызды жасап жатыр, жақсы қарайды, - деді Рахымқұл Смадияров.
Бұл қарттар үйінде 68 қария бар. Оларға жеті бағыт бойынша 64 адам қызмет көрсетеді.
Мүмкіндігінше бұл кісілердің зерікпеуі үшін жұмыстар жүргізіліп отырады. Әжелер тоқымамен айналысатын болса, аталарымыз сырттағы гүлдерімізді баптап, ағаштарға күтім жасайды. Медицина қызметкелері ата-апаларымыздың денсаулығын жақсартып, бірқалыпты ұстап отыруға бар күшін салып жатыр, - дейді әлеуметтік қызметкер Балшекер Сұлтанбекқызы.
Қарттар үйінен пана тапқандардың арасында бірінші және екінші санаттағы мүгедек жандар да бар. Оларға стационарлық жағдайда көмек берілу барысында кейбірі қоларбасын тастап, аяққа тұрыпты.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары