Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкенттегі пәтерлердің бірінен 78 жастағы қарияның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 15 қараша күні Спорт шағынауданындағы 5-қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зейнеткер иіссіз газға уланып көз жұмған. Бүгінде полиция аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексiнің 306-бабы бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды.
Оқиға орнында тағы 3 адам болған. Олар сол сәтте ауруханаға жеткізілген. Науқастардың бірі тіпті жансақтау бөліміне жатқызылған.
Қабылдау бөліміне 3 науқас жеткізілді. Апа және 2 немересі. Апаның жағдайы ауыр болған соң реанимацияға жатқызылған. Келесі күні токсикология бөлімшесіне ауыстырылған. Бүгін немересі мен екеуін үйіне шығардық. Жағдайлары жақсы болуына байланысты, - дейді дәрігер-токсиколог Асылбек Мыңбосынов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?