Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШымкентте қалалық станция, жедел медициналық жәрдем қосалқы станциялары, емханалар мен ауруханалар 22 бірлік санитариялық автокөліктің кілтін алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ДСМ мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтарына шұғыл медициналық көмекті барлығы 106 бригада көрсетеді, оның ішінде 28 дәрігер және 78 фельдшерлік бригада жедел медициналық жәрдем станциясының 4 филиалы мен 10 қосалқы станция базасында жұмыс істейді.
Амбулаториялық деңгейдегі шақырулардың төртінші санатына 58 қалалық емхана қызмет көрсетеді, онда биыл фельдшерлік бригадалар саны артты.
Төртінші санаттағы шақыртуларды қамтамасыз ету үшін осы ұйымдарда 26 бригада жұмыс істейді, 2025 жылы жедел жәрдем қызметіне тағы 25 автомобиль ұсыну жоспарлануда, - делінген мәліметте.
Бүгінгі таңда ресми статистика бойынша үшінші мегаполистің халық саны 1 244 415 адамды құрайды. Жыл сайын қала тұрғындарының демографиялық өсуі орта есеппен 40 мың адамды құрайды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады