Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады
Мемлекет басшысының Жарлығымен Шымкеттегі бірқатар азамат мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды El.kz. Құжаттың толық мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
2022 жылғы 27 қыркүйек
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:
«Парасат» орденімен
Тайжанов Бақтияр Байдуллаұлы – «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газетінің бас редакторы;
«Құрмет» орденімен
Байтанаев Бауыржан Әбішұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ә. Марғұлан атындағы археология институты» РМК бас директоры, Шымкент қаласы
Бегешев Есенгелді Ибрагимұлы – « № 2 қалалық аурухана» МКК дәрігері, Шымкент қаласы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Хан Ксения Александровна – «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшысы;
«Шапағат» медалімен
Үсенова Әсем Мұхтарқызы – «№ 89 IT мектеп-лицей» КММ тәрбиешісі, Шымкент қаласы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 26 қыркүйек
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді