29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында депутаттар «Шымкентте бесінші аудан құру туралы» ұсынысты бір ауыздан қолдап дауыс берді, деп хабарлайды El.kz.
Халқының саны миллионнан асқан мегаполис осылайша 5 аймаққа бөлініп отыр. Жаңадан құрылатын ауданның аумағы 36 мың гектарды құраса, ондағы тұрғындар саны шамамен 200 мыңнан асады. Ал, әзірге жаңа ауданға қандай атау берілетіні белгісіз. Бұл мәселе қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес алдағы сессияда Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады. Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының аумағында Қаратау, Еңбекші, Әл-Фараби, Абай аудандары әкімдіктері болған.
– Бесінші ауданды құру қаланы басқаруды жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға септігін тигізеді, – деді әкімдіктегілер.
Айта кетейік, Шымкент қаласының бас жоспарына ЛРТ және БРТ құрылысы енгізіліп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек