Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл Шымкентте көпқабатты 16 тұрғын үйдегі 29 жеделсатыні ауыстыру жоспарланған. Қазіргі таңда көпқабатты 12 тұрғын үйдегі 22 лифтіні ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жыл соңына дейін қосымша көпқабатты 4 тұрғын үйге 6 жедел сатыны ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар "Нұрсат" шағынауданындағы № 128, 132, 135В, 135Б, 135А тұрғын үйлердің пәтер иелері лифт қондырғыларын ауыстыру қажеттігі туралы өтініш білдірген. Осыған орай көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер иелерімен жалпы жиналыс өткізіліп, заңнама талаптары толық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хаттама берілген
Қала әкімдігінің мәліметінше, "Тұрғын үй" заңнамасына сәйкес нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау, жедел саты (лифт) туралы шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста қабылданады. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен жағдайда қабылданады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?