Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек30 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мегаполис жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында 6402 жол құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде, мопедтер мен электр самокаттардың қозғалу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап, 98 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшылары анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, шлемсіз, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз басқару болып саналатынын атап өтті.
Сонымен қатар полицейлер жүргізушілер арасында аталған жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын болдырмау және жүргізушілерге заңнамалық актілердегі өзгерістер туралы хабарлау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?