7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Шымкент қаласында жергілікті тұрғынды пышақтаған ер адамға іздеу жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы ПД Еңбекші аудандық ПБ 1994 жылы туған Тойшыбек Бағлан Нұрланұлына іздеу жарияланады. Бұрынғы мекенжайы - Шымкент қаласы Самал-1 мөлтек ауданы, Еркіндік көшесі 34 үй.
ҚР ІІМ мәліметінше, оқиға 2021 жылғы 24 қарашада болған.
Оқи отырыңыз:
Бағлан Тойшыбек 2021 жылы 24 қараша сағат 20:00 шамасында Күншығыс мөлтек ауданы №3 үй жанында жергілікті азаматты бірнеше рет пышақтап, ауыр дене жарақатын салып, оқиға орнынан ізін суытқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 24-99-бабы 1-бабы «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша тіркелді, - делінген полиция таратқан мәліметте.
Күдіктті тергеу мен соттан бой тасалап, тұрғылықты мекенжайынан көшіп кеткен. Бұған дейін 2021 жылы Бағлан Тойшыбекке қатысты екі рет іздеу жарияланды, олардың бірі – халықаралық іздеу. Бірақ атқарылған жұмыстар нәтиже бермеген.
Суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса, бірден полицияның 102 арнасына немесе ( 8-771-671-56-63 ) 57-27-42 , 51-22-01 , 57-27-60 , 57-01-02 , факс: 57-03-41 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз, - делінген мәліметте.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?