6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШымкентте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жергілікті филиалының бұрынғы екі қызметкері сотталды. Үкім қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар Қылмыстық кодекстің 206-бабының 3-бөлігінде және 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Екі сотталушыға да 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға айырылды.
Тергеу барысында сотталған адамдардың Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткені анықталған. Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке 50 млн теңгеден астам залал келген.
Үкім заңды күшіне енді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі