23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгін 21 желтоқсанда сағат 18:09-да Шымкенттегі «Астана» алаңында жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі кезінде ашық аспан астында электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып, өрт шықты. Соның салдарынан шыршаның 0,2 шаршы метр аумағы жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілікте тұрған қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт сағат 18:13-те оқшауланып, 18:20-да толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар болған жоқ,-делінген ТЖД мәліметінде.
Төтеншеліктер жаңа жылдық мерекелермен байланысты іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.
Айта кетсек, Шымкентте бас шырша шамы жағыла салып өртенген болатын.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік