13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызШымкент қаласының Тұран ауданында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары көпқабатты тұрғын үй кешені іргетасының негізгі элементі - бұрғы толтырмалы қадаларға маңызды далалық сынақтар жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ӨҚМ мәліметінше, сынақтар заманауи МЕМСТ 5686-2020 стандарттарына қатаң сәйкес өтеді, бұл нәтижелердің дәлдігі мен сенімділігіне кепілдік береді.
Арнайы жабдықталған алаңда диаметрі 1000 мм және ұзындығы шамамен 20 метр болатын қадалар зерттеледі. Сынақ барысында инженерлер тіпті ең кіші ығысуды 0,01 мм дәлдікпен бекіте отырып, қадалардың жүк көтергіштігін әртүрлі жүктемелермен тексереді. Мұндай мұқият жұмыс топырақтың физикалық-механикалық сипаттамаларын нақтылауға және болашақ ғимарат негізінің геотехникалық моделін жетілдіруге көмектеседі.
Бұл сынақтардың мақсаты – іргетастың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына көз жеткізу, бұл бүкіл тұрғын үй кешенінің сенімділігінің кепілі болып табылады, – дейді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ іргетас негізі секторының меңгерушісі Жәмек Нұркен.
Сынақтар төрт кезеңнен тұрады және қазіргі уақытта үшіншісі жүзеге асырылуда. Алынған деректер конструктивті шешімдерді оңтайландыруға және болашақ тұрғындар үшін жаңа үйдің беріктігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады.
Бұл жоба – құрылыс саласындағы жоғары сапа стандарттары мен жауапкершіліктің үлгісі, мұндағы әрбір бөлшек жайлы әрі қауіпсіз баспана жасау үшін барынша мұқият тексеріледі, - деп қосты министрлік.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды