Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл тұңғыш рет ұйымдастырылған жамбы атудан ересектер арасындағы Азия чемпионаты Шымкент қаласында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, 14-19 сәуір күндері 14 мемлекеттен келген 60 мерген үшінші мегаполисте ұлттық спорттан бақ сынады. Олар: Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань, Таиланд және Қазақстан мемлекетінің спортшылары.
Сары құрлықтан жиналған спортшылар дүбірлі додада «Мажар», «Корей», «Түркі» және «Қазақ» стильдері бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысы:
«Мажар» стилі бойынша 1-орын: Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі
«Корей» стилі бойынша 1-орын: Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі
«Түркі» стилі бойынша 1-орын: Қазақстанның спортшысы Батыр Бексауыт
«Жамбы» стилі бойынша 1-орын: Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі
Чемпионатта 1-орын иеленген әр спортшыға 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды. Ал екінші орын алғандар 300 000 теңге алса, үшінші орынға жайғасқандарға 200 000 теңге берілді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?