30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
Шымкентте жалған «полицей» ұсталды, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Республика көшесінің бойында жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлерінің назарын формадағы жас жігіт аударған. Тәртіп сақшылары күдіктіні тексеру барысында одан Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы ЖПҚБ учаскелік инспекторына тиесілі жалған қызметтік куәлікті тәркілеген. Сондай-ақ, тергеу барысында ер адамның форманы қаладағы дүкендердің бірінен алғаны анықталды.
«Аталған факті ҚК-тің 390-бабымен (билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иемденіп алу) тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті куәлік мұқабасын сатып алып, кейіннен полиция қызметкері куәлігінің үлгісін алып, соған үйлестіре өз атына жасаған. Құжатта өзін учаскелік инспектор деп көрсеткен. Тіпті фотошоп арқылы өзіне полиция киімін кигізген» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ұсталған азамат бұрын-соңды сотты болмаған. Оның Түркістан облысының 19 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі таңда полицейлер азаматтың тәртіп сақшысының формасын не үшін және қандай мақсатта кигенін анықтауда.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды