22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыШымкентте биыл заңсыз салынған 10 бизнес нысаны бұзылады. Олардың ішінде “қызыл сызықта” бой көтерген және құрылыс талаптары ескерілмей, рұқсат құжаттарынсыз салынған ғимараттар бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметіндегілер орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары 18 шағынауданы мекенжайдағы жеке кәсіпкер К.А.Егембердиеваға тиесілі құрылыс нысанына тексеру жұмыстарын жүргізгенін атап өтті. Соның нәтижесінде кәсіпкердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қатысты заңнама талаптарын бұзғаны анықталған.Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 316 бабы 1-бөлігі, 321-бабы және 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен аталған нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы талап арыз қанағаттандырылып, 2 қабатты ғимарат бұзылуда.
Қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты 115 құрылыс нысаны бойынша 286 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, тиісті тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Былтыр сот шешімімен 4 құрылыс нысаны бұзылған. Биыл 8 құрылыс нысанын бұзу туралы сот шешімі қабылданған. Сот шешімдерінің орындалуы сот орындаушылардың қарауында,-делінген әкімдік мәліметінде.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев