6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерДонорлық жүрек Тараз қаласынан жедел түрде 1,5 сағаттан аспайтын уақытта жеткізілген. Реципиент – 41 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны, педагог мамандығы бойынша еңбек етеді. Ол 2012 жылдан бері жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрімен ауырып келген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы донорлық органды алу, оны тасымалдау және жүректі ауыстыру операциясы барлық медициналық әрі этикалық талаптарға толықтай сай жүргізілгенін атап өтті. Күрделі ота Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен, жоғары санатты дәрігер-кардиохирург Дархан Сүйгенбаевтың жетекшілігімен және Тараз қаласындағы әріптестердің, UMC командасының, сондай-ақ тартылған барлық қызметтердің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде сәтті жүзеге асқан.
Бұл оқиға — Қазақстандағы трансплантология саласының дамуы жолындағы маңызды кезең болып табылады. Сонымен қатар, өңірлер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі ретінде бағаланды,-деп атап өтті басқармадан.
Айта кетейік, мәйіттен алынған жүрек трансплантациясы Шымкентте үшінші рет жасалып отыр. Бұған дейін Жүрек орталығының білікті дәрігерлер командасы екі рет ағза алмастыру отасын сәтті өткізіп, қос науқасқа жаңа өмір сыйлаған болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі