Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкентте спорттық нысандар саны 1077-ге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 144-ке артқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шаһар әкімдігінің мәліметінше, 2021 жылы қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 115 спорт алаңшаның құрылысы жүргізілді. Оның 14-і демеушілер есебінен, қалған 101 спорт алаңшаның құрылысына бюджеттен 2 060.0 млн теңге қаржы бөлініп, спорт алаңшалары пайдалануға берілді.
Жеке инвесторлар арқылы «SHootting plaza» әмбебап ату кешені іске қосылды. 2023 жылы «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром құрылысы», «Металлург» стадионын реконструкциялау» құрылыс жұмыстары, Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Ал жыл соңына дейін №12 спорт мектебінің қосымша корпусы құрылысы бітеді деп жоспарланып отыр, - делінген мәліметте.
Жалпы өңірде тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін жағдайлар жасалып жатыр. Бүгінде қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 498 852 адамға жетіп, 42% құрады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар