Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліШымкентте ұрланған мал GPS арқылы табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұран АПБ-ның “102” арнасына мал ұрлығы туралы хабарлама келіп түсті. Жергілікті тұрғынның айтуынша, ол жайылымға 13 қой жіберіп, біраз уақыттан кейін оралғанда үш бас малы жоғалғанын білген.
Аталған арыз негізінде полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы бойынша тергеуді бастады. Мал ұрысын анықтауға жергілікті полиция қызметкерлері мен жедел уәкілдер жұмылдырылды.
Ұрланған мал иесінің бұрын солардың біріне орнатқан GPS құрылғысы арқылы табылды. Қойлар жеке үйдің ауласынан тәркіленді, үй иесі оның танысы малға қарай тұруды сұрағанын айтты. Күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталды. Белгілі болғандай, иесіз жайылып жүрген малды байқаған қаскүнем көлігіне бірнеше қой салып алып, “ізін суытқан”.
Қазір ұсталғанға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс