13.03.2024
03:00
1841
Шымкентте толассыз жауын салдарынан бірнеше көшені су басты

Шымкентте толассыз жауын салдарынан бірнеше көшені су басты

Шымкентте екі күннен бері толассыз жауған жауын тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жауын-шашын салдарынан Қазығұрт шағын ауданында жеке бір тұрғын үйді, 15 аула аумағын және 4 аудандағы 10 көшені су басқан.

Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 31 адамы және 10-нан астам техника, 13 мотопомпа және жергілкті атқарушы орган күштерімен 10 аула аумағы мен 6 көшені айдау жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта барлығы 1620 текше метр айдалды. Зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: