30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыШымкент қаласында жұмыс сапарымен жүрген Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековпен бірге Достық шағынауданында тұрғындарды газға қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Достық шағынауданын газбен қамтамасыз етудің үшінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылғы наурыз айында аяқталды. Нәтижесінде 320 абонент (шамамен 1600 тұрғын) табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды.
Вице-министр Әлібек Жамауов өз сөзінде Шымкент табиғи газға қосылу көрсеткіші жоғары өңірлердің бірі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде газдандыру деңгейін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде Шымкент қаласы – табиғи газбен қамтылу көрсеткіші жоғары өңірлердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, басты мақсат – халықтың әл-ауқатын арттырып, қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау,” – деді министр орынбасары.
Айта кетейік, қазіргі таңда қала тұрғындарының 97,5%-ы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды