Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліШымкент полицейлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Шара кезінде табиғат қорғау заңнамасын бұзған 200 тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Профилактикалық шараның мақсаты – заңсыз аң аулау, ағаштарды заңсыз кесу, биологиялық ресурстар объектілерін заңсыз алу, тасымалдау, сату немесе өткізу жайттарының жолын кесу.
20 күнде тәртіп сақшылары 200-ге жуық табиғатты қорғау заңнамасын бұзу жайтын анықтаған. Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 382-бабымен 38 адам жауапқа тартылған. Ал азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзғаны үшін 116 азаматқа айыппұл салынса, ӘҚБтК-нің 386-бабына сәйкес жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бұзған 38 тұлға ескерту алды.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс