23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШымкентте Парламент Сенатының «Senat Open-2025» ашық кубогының іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, шахматты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған турнирге 100 -ден аса спортшы өтінім қалдырған. Олардың арасында ардагерлер мен мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңестердің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар. Жалпы көшбасшылардың зияткерлік сайысы 9 турдан, швейцариялық жүйе бойынша 10+5 уақыт бақылауымен өтеді. Іріктеу турының қорытындысы бойынша анықталған 35 үздік ойыншы жартылай финалда Шымкенттің намысын қорғайтын болады.
Айта кету керек, бұл жарыс биыл екінші рет өткізіліп отыр. Былтыр республика бойынша Шымкент қаласының қатысушылары жүлделі 2-орыннан көрінген еді. «Биылғы мақсат – көш бастау» дейді ұйымдастырушылар.
Қазақстан шахмат федерациясының республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы бойынша филиалының атқарушы директоры Алтын Есіркепованың айтуынша, «Senat Open-2025» кубогі жыл өткен сайын ауқымын кеңейтіп, қатысушылардың саны артып келе жатқан көрінеді.
Қазіргі таңда іріктеу еліміздің 20 аймағында өтіп жатыр. Кіл мықтылар 29 тамыз күні өтетін республикалық жарысқа, яғни Астана қаласына жолдама алады. Жарыс шарты бойынша, Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс және Орталық Қазақстаннан, яғни әр өңірден 25 спортшы қатысады. Сол 25 спортшы 12 шілде күні Түркістан облысында іріктеледі, – дейді ол.
Іріктеу кезеңінде жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы алғыс хаттармен және медальдармен марапатталады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады