6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШымкентте салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Дәрігерлер әйелді табиғи жолмен босандырып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақ халаттылардың айтуынша, қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ.
Қала тұрғыны Альмира Жандарбекова 3 қазан күні Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентхана бөліміне келіп түскен. Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып, перзентханада толғағы келгенін күткен. Нәтижесінде 4 қазан күні сағат 13:50-де салмағы 6 келі 500 грамм, бойы 63 см сәби дүниеге келген.
Бұл Альмира Жандарбекованың алтыншы жүктілігі. Алып сәбиге туыстары Тауекел деген есім берген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі