Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарШымкентте көктем мерекесімен қатар жұтршылық тағатсыздана күткен сакура ағашы гүлдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, шырайлы қала көшелерін көктем шуағына бөлеген сакура ағаштарының алғашқы легін өткен жылдың қараша айында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков отырғызған болатын. Бүгінде 25 түп сакура бүршік жарып, қаланың көркін аша түсті.
Жапон мәдениетінің символына айналған бұл ағаштар «Журналистер» аллеясына, Назарбаев даңғылының бойына, Атлант сауда үйінің маңына, Сайрам және Жібек жолы көшелеріндегі гүлзарға отырғызылған еді.
Қала әкімдігі биіктігі 4-5 метрге жететін сакуралар қаланың табиғи сәнін арттырып қана қоймай, экожүйені жақсартуға да ықпал етеді деп отыр.
Сакуралардың тамыры тереңге бойлап, бұтақтары жайқалып өсуі үшін тұрақты күтім жасалып, суару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бақылауында.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?