Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Түркістан» сарайында Қала күні мерекесіне орай «Шырайлы, шежірелі құтты мекен…» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен 12 ақын қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қалалық әкімдік мәліметінше, айтыс тізгінін ақын, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев ұстады.
Аламанда бақ сынаған ақындар Шымкент тұрғындарының еңбекқорлығы мен қаланың жеткен жетістіктерін шешен сөзбен жеткізді. Төл өнерге сусап жүрген қала халқы ақындардың терең мағыналы, әсерлі айтысына дән риза болып, зор қошемет көрсетті.
Айтыс екі кезең бойынша өтті. Қазылар алқасының төрағасы - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаламгер, қазақ спорт журналистикасының ардагері Несіп Жүнісбайұлы болды. Сонымен қатар, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазин, ақын-журналист, Қазақстан Жазушылар мен Журналистер одағының мүшесі Бауыржан Халиолла, айтыс өнерінің майталмандары – Айтақын Бұлғақов, Әдіхалық Әдірайымов, Маржан Есжанова және Өміржан Көпбосын төрелік етті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпаздары анықталды:
Бас жүлде – Нұрлан Есенқұлов (Шымкент қаласы). Жүлде қоры – автокөлік.
І орын – Жансая Мусина (Батыс Қазақстан облысы). Жүлде қоры – 2 миллион теңге.
ІІ орын – Біржан Байтуов (Шымкент қаласы) және Аспанбек Шұғатаев (Павлодар облысы). Жүлде қоры – әрқайсысына 1,5 миллион теңге.
ІІІ орын – Дидар Қамиев (Қарағанды облысы) және Ержан Әміров (Қызылорда облысы). Жүлде қоры – әрқайсысына 1 миллион теңге.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың арнайы Майлықожа атындағы сыйлығы Алтынкүл Қасымбековаға (Жамбыл облысы) бұйырды. Жүлде қоры – 700 мың теңге. Қалған барлық қатысушыға 500 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова