6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМаңғыстау облысының тұрғынына адам ұрлағаны үшін 4 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңаөзендік азамат Instagram арқылы Шымкенттің тұрғынымен танысады да, үйлену мақсатында қызды Байтұрсынов көшесінің бойынан алып қашып, Маңғыстау облысы бағытына шыққан.
Жігітке қатысты қылмыстық кодекстің 125-бабы 1-бөлігі (адам ұрлау) бойынша іс қозғалды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, оқиға болған жерде түсірілген видеоны тексеру актісімен, сотталушының өз кінәсін мойындауымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Оған ҚР қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданылып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі