23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шымкентте енді қоғамдық автобустардағы бейнебақылау камералары жедел басқару орталығына қосылады. Нәтижесінде қоғамдық көліктердегі жағдайды полицейлер тікелей бақылап отырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының Полиция департаментінде қоғамдық көліктерде тәртіп пен қала көшелерінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жиналыс өтті. Жол қауіпсіздігі, жолаушылар мен жүргізушілердің өзекті мәселелері қаралған кездесуге жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері, қаладағы 11 көлік компаниясының өкілдері мен аталған департаменттің басшылық құрамы қатысты.
Оқи отырыңыз:
Полиция мәліметінше, жиында автобустарды толық бейнебақылау камерасымен қамту, оны тікелей жедел басқару орталығына қосу тақырыбы қозғалды. Сонымен қатар жүргізушілердің жолаушылармен қарым-қатынасын реттеу, қоғамдық көлікті сергек күйде басқару үшін ауысым арқылы жұмыс уақытын 8 сағаттан асырмау және автобустардың соңғы аялдамасын талапқа сай жасау барысы сөз болды. Осы орайда жүргізушілер тарапынан жол ережесін қатаң сақтау мәселелері де талқыланды.
Кездесу барысында көлік компанияларының өкілдеріне қоғамдық көліктердегі келеңсіз жағдайлар туралы ескертіліп, сондай-ақ пікірлер алмасып, бірқатар ұсыныс қаралды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік