10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкент қаласының әкімдігі заңсыз берілген жер учаскелері мен объектілерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстарды қарқынды жалғастыруда. Нәтижесінде "Қиял әлемі" саябағы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметіше, Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде 2009 жылдың маусым айында Республика даңғылы №9 мекен-жайдағы 4,8391 га жер учаскесі «Айгерім» ЖШС-не жеңіл конструкциялардан балалар ойын сауық орталығын орнату үшін уақытша пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге берілген. Жер учаскесін жалға алу келісім шарты түзіліп, сәйкестендіру актілері рәсімделген.
Қалалық Жер ресурстары департаменті аталған жер учаскелерінің заңсыз берілуіне байланысты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қалалық жер қатынастары бөлімі мен «Айгерим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында түзілген жер учаскесін жалға беру туралы 2011 жылғы
18 наурыздағы №002/392 үлгілік шартын жарамсыз деп тану туралы талап-арыз жолданған. Нәтижесінде соттың 10 мамырдағы шешіміне сәйкес, талап-арыз қанағаттандырылған. Яғни, аталған бөлім мен «Айгерим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арасында түзілген жер учаскесін жалға беру туралы үлгілік шарты жарамсыз деп танылған.
Шымкент қалалық сотының 31 шілдедегі қаулысына сай, аталған шешім күшінде және «Айгерим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аппеляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Сот қаулысы түпкілікті дайын болған соң әкімдік тарапынан мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау мақсатында Жер кодексінің 164-1 бабына сәйкес, заңсыз салынған құрылыстарды өз есебінен бұзу арқылы жер учаскесін бастапқы қалпына келтіруді міндеттеу туралы талап-арыз сотқа жолданатын болады,-деп атап өтті әкімдіктен.
Еске салсақ, бұған дейін қалада "Мұз сарайы" ғимараты коммуналдық меншікке өтті, ал "Кең Баба" саябағы ішінара мемлекетке қайтарылды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді