Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шымкенттегі қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы тұрғын үй немесе көлік алуға көмектесуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті ПК «GAP» пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқтады.
"Еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындарымен міндетті кіру жарнасы 240 мың теңгені құрайтын тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесу және одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісімдер жасаған күдікті анықталды. Ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген 33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.
Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік