Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкентте қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде 60 жастан асқан азаматтарға арналған “Ашық есік күні акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Акция мақсаты – егде жастағы тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ оларды профилактикалық тексерулерге тарту. Іс-шара аясында зейнет жасындағы азаматтар тіркелген емханаларында тегін медициналық кеңестер алып, тексеруден өтті.
Акция барысында тұрғындарға жалпы тәжірибе дәрігері, терапевт, оториноларинголог (ЛОР), онколог, офтальмолог және стоматолог мамандар медициналық қызмет көрсетті. Сонымен қатар қан қысымы мен қант деңгейі тексерілді, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша кеңестер берілді. Бұдан өзге созылмалы ауруларды басқару бағдарламалары бойынша ақпарат ұсынылды. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер қарттарға психоэмоционалдық қолдау көрсетіп, жалғыздық пен күйзелісті еңсеру жолдарын түсіндірді.
Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар егде жастағы азаматтардың денсаулығын нығайтуға, өмір сүру сапасын жақсартуға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары