Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкентте қала күніне орай “Otbasy Fest” мерекелік іс-шарасы өтті. Наурыз алаңында өткен кеште қала тұрғындарына пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, қоныс тойын тойлаушылар «Қамқор» өңірлік бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиемен белгілі құрылыс компаниялары тарапынан баспанамен қамтылғандар.
Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы мен «Отбасы банк» АҚ ауылдық аумақтарды дамыту және сату департаментінің директоры және жергілікті құрылыс компанияларының өкілдері қуаныш иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, жалпы 20 азаматқа пәтер кілттерін табыс етті.
Тұрғын үйлер инфрақұрылымы дамыған елдімекендерде орналасқан.
Айта кетсек, «Қамқор» өңірлік бағдарламасы тұрғындардың баспаналы болуында бірегей жобалардың бірі. Шымкент қаласы әкімдігінің өңірлік бағдарламасы арқылы 368 тұрғын пәтермен қамтылды.
Қала күніне орайластырылған салтанатты кеш танымал эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?