29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКүдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, тәртіп бұзушы 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform тілшісіне сілтеме жасап.
Жұмыс барысында жүрген полиция қызметкерлері бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, ереже бұзған Toyota Highlander жүргізушісін тоқтатқан. Cол уақытта 35 жастағы құқық бұзушы өзін агрессивті ұстап, инспектордың құжаттарды көрсету туралы заңды талабын орындаудан бас тартып, оқиға орнынан бой тасалауға әрекеттенген.
Қауіпті жүргізушіні тоқтату мақсатында және басқа жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін инспектор Бақытжан Боранбай көліктің жолын жауып тастады. Бірақ ер адам көлігін жүргізуді жалғастырып, полицейді басып өтіп, артынша оны бірнеше метрге сүйреп, кейін қашып кеткен», - деді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Көп ұзамай күдікті табылып, қамауға алынды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол есірткілік масаң күйде болған.
Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органы қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені үшін ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - делінген полиция ақпаратында.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек