29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШымкентте көлік жуу орталығындағы өрт кезінде көпбалалы әке құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Патрульдік экипаж арнайы жарық сигналды қондырғыны қардан тазарту үшін жақын маңдағы көлік жуу орталығына барған. Мекенжайда ешкім жауап қатпағандықтан, тәртіп сақшылары орталық жұмысшыларын табу мақсатында ғимаратқа кірген. Қалың түтінге толы бөлме ішінде киімі жанып, ес-түссіз жатқан ер адамды көрген инспекторлар Жұмахан Шымырбаев пен Жандос Сүлейменов бірден көмекке кірісіпті.
Дереу әрекет еткен полицейлер ер адамды сыртқа шығарып, өртті сөндірген. Сонымен қатар жедел жәрдем шақырған. Көп ұзамай бес баланың әкесі дәрігерлердің қолына тапсырылды.
Өрттің шығуына ауа жылытқыштың еденге құлауы себеп болған екен.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек