6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШымкентте полицейлер жас келіншекті порнографиялық бейнероликтермен бопсалап келген, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Экс-шенділер қылмыстық іс бойынша тергеуші және жедел-тергеу тобының мүшелері болған. Оtyrar.kz мәліметінше тергеп-тексеру нәтижесінде жәбірленуші жалған атпен модельдік агенттікте тіркелгені, оның әлеуметтік желілерде порнографиялық бейне және фотосуреттері бар екені анықталған.
Сотталушылар материалдарды жәбірленушінің ата-анасына жіберіп, ал өзін қамауға аламыз деп қорқытқан. Сотталушыларға лауазымды тұлғалар тобында бопсалау арқылы пара алғаны үшін ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша айып тағылды.
2023 жылғы 06 желтоқсанда Шымкент ҚПД-нің ғимаратындағы қызметтік бөлмеде жәбірленушіден 300 000 теңгені пара ретінде алған.
Кінәлі тұлғаларға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, ҚК-нің 55-бабы 3-бөлігі талабына сай, параның 35 еселенген мөлшерінде әрқайсына 10 500 000 теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.
Сотталушылар полиция майоры мен полиция лейтенанты шендерінен айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі