Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМұхит Иманов пен Мұратбек Тәжібай аялдамада эпилепсиялық талмаға ұшыраған азаматқа дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала көшелерінде тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері автобус аялдамаларының бірінде құлап, дірілдеп жатқан адамды байқаған.
Полицейлер жедел әрекет етіп, оны бір жағымен жатқызып, басына сырт киімін қойды. Бірнеше секундтан кейін ер адамның ұстамасы тоқтады. Ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Ер адамның тынысы үзіліп, дауысы тарылып жатқан еді. Эпилепсиялық ұстаманың белгілері көрінді. Әріптесіммен бірге оған алғашқы көмек көрсеттік. Кейін азамат есін жинады. Бір жақсысы, біз дәл сол сәтте жақын маңда болдық. Әрине, бұл әрекетімізді батырлық деп санамаймыз. Қажет кезде көмекке келу – біздің міндетіміз, – дейді Мұхит Иманов.
Осылайша, құқық қорғаушылар жедел және үйлесімді әрекеттің арқасында тағы бір адамның өмірін сақтап қалды. Оларға құтқарылған тұрғынның туыстары шын жүректен ризашылығын білдірді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады