Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚалалық Полиция департаментінің қызметкерлері осы жылдың бірінші айында есірткіге байланысты 47 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 10 синтетикалық есірткі сату жайты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Департамент бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаевтың айтуынша, заңсыз айналымнан 35 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 1 келіден астамы синтетикалық есірткі бар.
Бейсенбаев ішкі істер министрі 2025 жылды Профилактика жылы деп жариялағанын еске салды. Осыған байланысты құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткі қылмыстарының алдын алу шаралары күшейтілді.
Рейдтер барысында полицейлер есірткіге масаң күйінде көлік тізгіндеген 18 жүргізушіні анықтады, олар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Қала аумағындағы ғимарат қабырғаларында граффити түрінде есірткі жарнамаларын жоюға бағытталған профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, нәтижесінде есірткі заттарын сататын сайттарды жарнамалайтын 500-ге жуық жазба жойылды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 74 есірткі сайтын бұғаттады, - делінген мәліметте.
Полиция есірткі заттарын сақтау және сату қылмысы үшін заңмен қатаң жаза қарастырылғанын ескертеді.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады