23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шымкентте пәтерінде есірткі жасырған әйел құрықталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде аса ірі мөлшердегі есірткі жасырған 41 жастағы азаматшаны ұстады. Қарау барысында оның тұрғылықты мекенжайынан полиэтиленді пакетке салынған ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон екендігі нақтыланып, жалпы салмағы 101 грамды құраған. Тергеу барысында әйел есірткіні өзінің үйінде ары қарай өткізу үшін жасырғаны белгілі болды.
Бүгінде аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік