29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШымкентте қару ұстаған ер адам қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады. Бір адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Бүгін сағат 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылды. Оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері жеткен. Күзетшілер мен қаруланған белгісіз ер адам арасында атыс болды. Күзетшінің бірі жараланды. Қолында қаруы бар адамды патруль полициясы мен Тұран аудандық полиция бөлімінің криминалдық полициясының жедел уәкілдері ұстады», - делінген полиция мәліметінде.
Белгілі болғандай, ер адам Өзбекстан азаматы. Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрып келген.
«Одан шолақ аңшы мылтығы және ұрланған Сайга карабині тәркіленді. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек