Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкентте көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz.
Қаладағы 17 шағын ауданда орналасқан көппәтерлі үйдегі өрт туралы хабарлама 12 сәуірге қараған түні түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде үшінші қабатта орналасқан пәтердегі жиһаз бен заттар толықтай өртеніп кеткен.
«Пәтерде 1962 жылы туған ер адамның денесі табылды. Көппәтерлі үй тұрғындары эвакуацияланды», – деп хабарлайды Шымкент ТЖД баспасөз қызметі.
Көршілерінің айтуынша, ер адам жалғыз өмір сүрген, алкогольді жиі пайдаланған көрінеді.
Өрттің нақты себебін анықтау үшін зерттеу тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалынға сөндірілмеген темекі себеп болуы мүмкін.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар